«Ұстазымнан қорлық көрдім!»
15 мая 2023
Алматыдағы №133 мектептің оқушысы жанайқайын желіге жүктеп, көптен көмек сұрап, білім бөлімін шулатты. Айтуынша, сынып жетекшісі себепсіз қол сілтеп, аузына келгенін айтып, абыройын айрандай төгіп келген. Мұндай сұмдыққа енді шыдамаймын деген жеткіншек мұғалім жазаланбайынша мектепке бармаймын деп отыр.