Су алу үшін сағаттап кезекте тұрамыз

Қыстың көзі қырауда қарды қайнатып ішпесек болғаны. Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Қосағаш ауылы тұрғындары осылай деп арнамызға мұңын шақты. Елдімекенде бар-жоғы 3-ақ колонка бар екен. Оның өзі сыздықтап ағып, тағатымызды тауысады, — дейді. Ал, Талдыбұлақ ауылының тұрғындары құм араласқан суды тұндырып ішуге мәжбүр. Одан қалса, су жиналатын қойманың айналасы да қоршалмаған екен. Жағдайды көзбен көріп қайтқан өңірдегі тілшіміз толықтырсын.

X