14:30 Тікелей эфир «QOSLIKE» бағдарламасы
18:30 Эфирде әрі қарай «БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР»

Су, жол, жарық, интернет жоқ «жібек жолы» ауылының тұрғындары шеруге шықты

Елорданың іргесіндегі Жібек жолы ауылының тұрғындары шеруге шықты. Жергілікті әкімдік рұқсат бермесе де, елді мекен жұрты бейбіт митинг өткізді. Құрылысы тұралап қалған мектептен әкімдікке дейін жаяулатып жүргендер бұдан басқа амалымыз жоқ дейді. Өйткені, шенеуніктер 20 жылдан бері халықтың жанайқайын естісе де, қордаланып қалған мәселелерін шешпей келеді екен. Шеруде шерін тарқатпақ болғандармен Нұржан Сәдірбай тілдесті.

X