СУДАГЕРЛЕР БАС КӨТЕРДІ
19 ноября 2025
Жалға беру ақысын шарықтатып жіберді. Жамбылда осылай деген 300-ге жуық саудагер «Гранд базар» алдында наразылық білдірді. Кәсіпкерлердің айтуынша, сауда орнының басшылығы орын пұлдың бағасын бірден 25 пайызға аспандатқан. Киім — кешек сатып әрең күн көріп жүргенде бұл «жығылғанға жұдырық болды», – дейді жыларман күйдегі сатушылар.







