Сырғанаймын деп, жарақат алғандар саны артты
6 января 2021
Қауіпті ойын. Елімізде қыс басталғалы мұз үстімен сырғанаймын деп жарақат алғандардың саны артты. Тіпті, Алматы облысында 10 жастағы қыз бақилық болды. Мамандар арнайы баллонмен биік жерден сырғанау өмірге қауіпті деп айтқанымен, оған құлақ жан көрінбейді. Қазір, мұз қалашықтарында адам көп. Сырғанау алаңдары қаншалықты қауіпсіз? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бұл — тұрғындарға әкімдіктің салып берген мұз қалашығы. Мұнда балалар ғана емес ересектер де келіп арнайы сырғанауға құмар. Бірақ, онда көп жағдайда қауіпсіздік талаптары сақталмайды екен. Бұл сөзімізге мына кейіпкеріміз дәлел.
«Они вот ехали получается. На выступе они подлетели. И она вылетела с плюшки и упала».
Алматылық Кристина Толмачева отбасын, жұмысын тастап, бас қалада екі айдан бері аялдауға мәжбүр. Себебі, сіңлісі Ксения дәл осы қалашыққа көңіл көтеруге келіп жарақат алған. Омыртқасы сынып, келіншек ауруханада жатыр. Аяқтан тұрғызу үшін құны 20 млн теңге тұратын күрделі операция қажет. Ол да біздің елде жасалмайтын ота екен. Ал, қалашық қожайындары өтемақы төлемек тұрмақ, кешірім де сұрамапты.
КРИСТИНА ТОЛМАЧЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Сіңлім осы трамплиннен сырғанап келе жатып ұшып кеткен. Мұзға құлап, бірден есінен танып қалды. Салдарынан мойын омыртқасы сынып, қазір ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр. Күрделі ота қажет. Сап-сау жүрген Ксения жарым-жан болып қалды. Аяғына тұрғызу үшін операция қажет. Қазір, қаржы жинап жатырмыз. Ал, жауаптылардан еш көмек болған жоқ».
Бірақ, бұл жағдайдан қорыққан елордалықтар көрінбейді. Аязды күні сырғанағысы келгендер лек-легімен ағылып жатыр. Әсіресе демалыс күндері адам саны көп болады екен.
Балалар қорыққан жоқсыңдар ма? — Жоқ, жоқ. Мен де осы балақайлар секілді мұз қалашығынан сырғанап түсуге болушы еді. Бірақ, өз басым жүрексініп тұрмын. Неге екенін қазір түсіндіріп берейін. Трамплиннің бітер тұсында мынадай төмпешіктер бар. Қатты жылдамдықпен келе жатып, осы жерден ұшып кетуің де мүмкін.Ал, соңғы жағында мынадай электр бағанасы орналасқан».
Қаладағы бұл ірі мұз қалашығындағы мына трамплиндердің әрқайсысының ұзындығы шамамен 100 метрге жетеді. Төменге қарай құлдилаған балаларды арнайы қызметкерлер бақылап тұрады екен.
МЕЙІРІМ САРҚЫТБАЕВ, ҚҰТҚАРУШЫ:
«Адамдар енді, осыдан былай кешке қарай көбейеді. Сағат 4-5 тің арасында бастайды. Кейбір жастар тыңдамайды. Айтамыз, ескертеміз. Тыңдамайтындар тыңдамайды. Қайта қайта айтып ары-бері жүгіріп құтқарып отырамыз. Балаларды, үлкен кісілерді, әйел адамдарды».
Мұзда сырғанау науқаны ашылған сәттен бастап, мынадай арнайы баллон сататын кәсіпкерлердің жұмысы қыза түседі. Жалға алған уақытта ешқандай түбіртек те бермейді. Есесіне адамдардың төлқұжатын кепіл ретінде алып қалады. Ал, сырғанау құралын бүлдіргенге айыппұл салады. Бірақ, адам денсаулығына зиян келсе жауап бермейді екен.
ТИМУР, БАЛЛОНДАРДЫ ЖАЛҒА БЕРУШІ:
«Ешқандай түбіртек бермейміз. Кепілге құнды зат алып қаламыз бар болғаны сол. Қауіпсіздікке өзіміз бас көз боламыз. Әр адамға сырғанамас бұрын нұсқаулық таратамыз».
Қауіпті ойын түрі болса да оған назар аударып жатқан тұрғындар көрінбейді.
«Қауіпсіздігіне алаңдамаймын. Жанында өздерінің бортиктері бар. Адамдар тұр қарап. + 00:44 Болған ия. Бірақ, шамалы нелеу еді. Осы жолы жақсы істеген. Сатыларын істеген жүретін».
«Горки классные. И очень весело. Спасатели все контролирует».
Десе де, мұз қалашығында адам өлімі деректері де тіркеліп жатыр. Мәселен, өткен айда Алматы облысында ойнап жүрген 10 жастағы қыз қайтыс болды. Ал, Қарағанды облысында әйел адам омыртқасын сындырып алды. Травматолог дәрігерлер де баллонмен сырғанау қауіпті екенін айтады.
ЕРМЕК МҰҚАШЕВ, ТРАВМАТОЛОГ:
«Арнайы баллонда сырғанау денсаулық үшін қауіпті екенін айтқым келеді. Себебі, оқыс құлаған кезде омыртқа сынып кетуі мүмкін. Бел, мойын бөлігіне де зақым келеді. Қазір, сырғанау маусымы басталғалы бері аяғы шыққан, қолы сынып емделуге келетін адамдардың қатары артты.
Карантиннен, қашықтан оқудан әбден зеріккен балаларды түсінуге болады. Бір сәт серпілгісі де келеді. Бірақ, қауіпсіздік талаптарын ұмытпаған жөн.