Түлектер ҰБТ тапсыра алмай сандалуда
13 мая 2021
Алматылық мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тест тапсыра алмай отыр. Себебі қалада тіркелетін орын жоқ. Енді оларға Есік, Жаркент, не болмаса Тараз қаласына баруына тура келеді. 11 сынып оқушылары білім министрлігінен қосымша орын бөліп, тест тапсыруға мүмкіндік беруді сұрайды. Машақаты аз болғандықтан олардың біразы шет елдің оқу орындарын таңдап жатыр екен.