Тұманнан келген апат
27 декабря 2021
Алматы облысында қою тұманның кесірінен жиырмаға жуық көлік апатқа ұшырады. Алматы – Қорғас автожолында болған оқиғадан зардап шеккендер де бар. Көпшілік қаражатын төлеген соң, ақылы жол стандартқа сай болуы қажет деп күйінеді. Оқыс оқиғаға кім кінәлі? Табиғаттың тосын мінезі ме, әлде жүргізушілер ме? «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі анығын білмек.