0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Тұрғын үй құрылысы операторлары біріктіріледі

Еліміздегі тұрғын-үй құрылысы операторларының саны қысқарады. Осындай өзгеріс енгізілген заң жобасын екінші оқылымында сенат депутаттары мақұлады. Бұдан былай қазақстандықтардың баспана мәселесін шешуі үшін құрылған «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «Бәйтерек девелопмент» және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» өзара біріктірілмек. Осылайша, «Бірыңғай тұрғын-үй құрылыс операторына» айналады. Депутаттардың айтуынша, бұл қадам «Ұлттық басқарушы «Бәйтерек» холдингінің үш бірдей еншілес ұйымының қызметіне кетіп жатқан мемлекет қаржысын үнемдеуге септігін тигізеді.

X