Алтын бесік қайта тербеліп, алыстағы ағайынның ахуалы анағұрлым жақсарып қалды. Ауылдағы азаматтардың арқасында жабылғалы тұрған мектеп жұмысын жалғастырып, ел көптеп көшіп келіп жатқан көрінеді. Оларға тұратын үйді де, азық қылатын малды да тауып береміз деп жаһанға жар салған да, сол уәдесін орындап жатқан да ауылдың қарапайым тұрғындары. Алайда үлкендерге мектепті аман алып қалуға көмек болған негізгі күш — үйдегі бала-шаға екен. Қалай дейсіз ғой?
Тұрғындар көпбалалы отбасыларға ауылдарынан тегін үй ұсынып, малын бөліп берді
Дата: 17.09.2020