Тұрғындарды тұншықтырған қоқысты шенділер «көрмей» отыр
22 апреля 2021
«Көрмес- түйені де көрмес» деуші еді. Ақтөбеде «ерекше» қоқыс бар. Ерекшелігі сол, оны қарапайым тұрғындардың көзі көреді де, шенеуніктерге байқалмайды. Иісі де тура сондай. Тұрғындардың қолқасын қабады, атқамінерлерге сезілмейді. Жоқ жерден пайда болған полигонның азабын қарапайым халық тартып отыр. Қыстың күні коммуналдық қызмет қаланың қарын шығарған кезде ақ ұлпамен бірге көшенің қоқысын жиып-теріп, бір-ақ апарып төккен көрінеді. Енді қар еріп, жер кепкенде желмен шашылып, иісі айналаны тұншықтырып барады.