Тұрғындардың техникасы күйіп кетті
26 августа 2021
Алматы облысында кернеудегі ақаудың кесірінен көпқабатты тұтас бір тұрғын үй кешеніндегі жұрттың тұрмыстық техникалары күйіп кетті. Теледидары мен тоңазытқышы істен шыққан тұрғындар шығындарын кімнен өндіріп аларын білмей дал болуда. Ол аздай, жарық сөніп, сусыз қалған. Ал құрылысты салған мекеме мен басқарушы компания кінәні бір-біріне артуда. Тақырыпты тілшіміз тарқатады