Коронавирус қорқынышы талай проблеманы бүркемелеп, көптің назарын індетке аударды, ол рас. Жылда жұртты тым-тырақай ететін қызыл су да қазір оншалықты қауіпті емес сияқты. Өйткені камералардың бәрі төтеншеліктерден теріс айналып, бас дәрігердің бетіне қарап тұр. Ал елде, шешімі қиын мәселе шаш етектен. Жол, мектеп, балабақша, азық-түлік, енді мұнай бағасы да бар. Ал, ауыз су — аса маңыздысы. Мәселен Түркістан облысы Әйтеке би ауылының тұрғындары әлі күнге дейін тіршілік нәрін тасып ішуге мәжбүр. Талай жылғы түйткіл төтенше жағдай жарияланған соң, тіпті түйінделе түсті. Өйткені, су таситын көліктер карантинді айтып, келмей қойыпты.
Түркістан: карантин кезінде ауызсусыз қалды
Дата: 02.04.2020