Түркістан облысында жолаушылар мінген автобус аударылып қалды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол шетіндегі 3 метр тереңдікке құлап кеткен. Салдарынан 25 адам ауруханаға түскен. Оның үшеуінің жағдайы тым ауыр дейді дәрігерлер. Ал, тәртіп сақшылары болса, жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.
Түркістан облысында автобус аударылып, 25 адам ауруханаға түсті
Дата: 26.08.2020