Түркістан облысында да тірлігі төрт түлікпен тығыз байланысты елдімекен халқы абыржып жатыр. Бабайқорған ауылының малы жайылатын жерді жеке кәсіпкер сатып алып, карьерге айналдырмақшы екен. Тендерден жеңіп, теңгесін алып қойған азамат ауылдағы ағайынмен ақылдаспай, 500 гектар аумақтың тасын аударып, өңдеуге әкетпекші. Онсыз да он шақты зауыттың ортасында отырған елдің маңын тағы қазайын деп жатқан кәсіпкер кім? Жайылым жерлерді жекеменшігі қылған ол ауқаттыға ауылдағы әкімнің де әлі жетпейтін көрінеді.
Түркістан облысының халқы: жайылым жоқ
Дата: 20.03.2020