Түркістандағы 500 мың теңгелік пәтер
27 мая 2021
500 мың теңге. Түркістанда 3 бөлмелі тұрғын үйді жалға алу бағасы осынша сомаға көтеріліп кеткен. Орта деңгейдегі аудандарда 150 мен 200 мыңның аралығы. Ал 2 бөлмелі пәтердің құны рухани астанада 12-13 миллионның айналасы. Баға неден ұшты? Елдегі ипотекалық бағдарламалардың жабылуы баспана нарығына қалай әсер етеді? Тілшіміз Айғаным Достанбай мамандардың пікірін сұрап білді.