Түрленген Түркістан

Карантин аяқталысымен Түркістаннан  Стамбул мен Меккеге тұрақты түрде  ұшақтар қатынайтын болады. Әуежайдың техникалық мүмкіндіктері халықаралық стандартқа сай салыныпты. Бұл жайында облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасында сөз етті. Екі жылда екі бірдей техногендік апат  орын алған өлкеде  олардың салдарын жою  қалай жүрді?  Жұрт  мемлекет берген жәрдемақыға разы ма?  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Облыс әкімдерінің  өңірдің  әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы  жыл сайынғы  есебі биыл онлайн форматта өтіп жатыр. Ол түсінікті де. Бірнеше аймақ басшылары бұған дейін  астанаға ат терлетіп келіп, баяндамаларын Орталық коммуникациялар қызметінің мінбесінен оқыған-ды. Ал бұл жолы Өмірзақ Шөкеевтің қолы босамады ма,  әлде тілшілер арасында СЦК деген атпен белгілі мекеме ұжымы техникалық жаңалық енгізгісі келді ме,  трансляция көшпелі түрде Түркістандағы су жаңа  арнайы ғимараттардың  бірінде  ұйымдастырылды.

«Өңірдің дамуы туралы Өмірзақ Шүкеев арнайы баспасөз мәслихатына арнайы келді. Күллі түркі еліне ортақ киелі мекенге қош келдік!».

Бұл жолы Қазақстанды цифрландырмақ түгілі, сиқырландыруға да  жететін қаржы өзін-өзі ақтағандай.  Баспасөз мәслихатының техникалық  ақаусыз өтті. Жылда оффлайн форматта ұйымдастырылатын шарада  астаналық тілшілер әкімдердің табатын жалақысана да дейін санап,  өткір сауалдарымен шенеуніктерді  ақ тер, көк тер қылушы еді. Бұл жолы Шөкеевке сауал қойғандардың дені осы аймақтың тілшілері болды. Сұрақ-жауаптың көбі аймақтың жетістіктері төңірегінде өрбіді. Алайда өткір мәселелер де тасада қалмады. Түркістан облыс орталығы болғалы  қалаға  30 мыңнан астам адам көшіп барыпты. Салдарынан жалға алу мен пәтер сатып алу  құны  Елордамен теңескен.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Былтыр  40 мың кв метр іске қосылды, биыл  700 мың қосылады. Тұрғындардың қолжетімділігі үшін ипотекалық бағдарламаларды пайдаланып жатырмыз. Сол механизмнің арқасында жыл соңына дейін  27 үй беріледі. Бағалардың өскені ол заңды».

Шөкеевтің тұсында Түркістан облысында  екі бірдей техногендік апат болғаны белгілі.  Былтыр Арыста қару-жарақ қоймасы жарылса, биыл мақтааралдықтардан маза кетті. Зеңбірек оғының астында қалған қаланы қалпына келтіруге барлық облыстар жұмылдырылып,  7 мыңнан астам ғимарат қайта салыныпты. Аймақ басшысы  арыстықтардың  мәселесі түбегейлі шешілді дегенімен, бірді-екілі дау әлі туындап тұрады екен.  Мысалы, 50-ден астам кәсіпкерлер  «Атамекен» палатасы  тағайындаған компенсациямен келіспей, әлі ақшасын ала алмай отырған көрінеді.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ  Түркістан облысының әкімі:
«Менің  Атамекенім» деген қордан  3,5 миллиард теңге бөлініп, 416 кәсіпкерге өтемақы компенсация берілу керек болатын, көбі алды. 51 кәсіпкер әлі даулап жүр.  Ол кәсіпкерлер мен қор басшылығы арасындағы мәселелер. Қор  тағайындаған зардаппен  келіспейді, Сондай  мәселе сот арқылы шешілуі тиіс. Бізге  әкімшілік ретінде арасына кіру  қиын.

Мақтааралда да мың жарымнан астам үй қайта тұрғызылды.  Жұрттың  шығыны  түгел өтелген.   Алайда су басқан алқаптардың кесірен Қазақстан халқы ала жаз бойы қымбат көкөніс тұтынғаны белгілі. Қарбыздың өзі былтырмен салыстырғанда бес есе қымбаттады. Алдағы  жылы да осындай проблема  туындамас үшін өңірдегі Шардара су қоймасына жөндеу жұмыстары керек-, деді Шөкеев. Былтырғы есебінде әкім  мырза өңірде бюжеттік мекемелерге ақша беріп жұмысқа  тұру үрдісін цифровизацияның арқасына жойдық деп ағынын жарылған ды.  Алайда, оның бұл сөзіне жергілікті жқрт күмән келтіргені де есте.

«Неғып честно айтпайсыңдар а? Бір адам айтқанға олар себейді ғой, общий айту керек қой».

МЫРЗАЙЫМ ЕСІЛБАЕВА, ОБЛЫС ТҰРҒЫНЫ:
«Ол мүмікін емес, тегін жұмысқа кіретін болса астанда баларымыз қаңғып жүрмес еді, бала-шағасымен сол жаққа қаңғып кеткен. Жалғыз өзім тұрамын».

СЕЙДАКБАР ЖҮНІСБЕКОВ  ОБЛЫС ТҰРҒЫНЫ
— Балам қолымда,
— Жұмыс істемей ме?
— Істейді.
-Тегін тұрғыздыңыз ба?
-Аха тегін, 100 мың беріп кіргіздім.
— Балаңыз темір жолға кірді дедіңіз ғой.
-Алты жыл бұрын. Қазір екі миллионнан асып кеткен шығар.

Әкімнің айтуынша,  еңбек нарығында жағдай биыл өзгеше. Түркістанда жүріп жатқан алып құрылыстың арқасында жұмыс күшіне деген сұраныс көп.  Расында, түркі жұртының бесігі саналатын шаһар қазір жаңа дүмпуді бастан өткеріп жатыр.  Түрлі мәдени-әлеуметтік  нысандар салынып, шахар облыс орталығы деген атына сай болмақ. Бірінші желтоқсаннан  бастап  жаңа әуежай  алғашқы жолаушыларды қабылдайды. Әзірге  ұшақтар ел ішінде ғана қатынамақ.  Карантин  аяқталысымен Стамбул, Мекке сынды қалалармен  де  әуе байналысы орнатылу жоспарда бар. Алдағы жылы Түркістанда түркі тілдес елдердің саммиті ұйымдастырылмақ.  Оған дейін барлық құрылыс жұмыстары толығымен аяқталуы тиіс-  деп түйді Өмірзақ Шөкеев.

X