Түрмедегі кәсіпкерлер
17 декабря 2021
Еңбек — барлығын жеңбек! Семейдегі түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер тұрақты жұмыспен қамтылып, табыс тауып жүр. Сотталғандардың қолынан шыққан кәдесыйлар мен асқа қосылатын дәмдеуіштер қалада үлкен сұранысқа ие. Өмірде шалыс қадам жасаған жандарды жұмыспен қамтуға ниетті кәсіпкерлердің де қатары артыпты. Жазасын өтеушілер тұрақты жұмыспен қамтылып, жаңа мамандықты игеруге мүмкіндік алған. Тілшіміздің келесі материалы түрмедегі кәсіпкерлер жайында болмақ.