Түрмедегі оқыс оқиға
20 июля 2021
Маңғыстауда түрме жатақханасының төбесі құлап, 3 сотталушы үйіндінің астында қаза тапты. Ал, жазасын өтеуші 8 сотталушы түрлі дене жарақатымен орталық ауруханаға түскен. Оның біреуі өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір оқыс оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігінің өкілдері түрме аумағында тексеріс жүрігізіп жатыр. Арнайы құрылған комиссия да, абақты басшылығы да әзірге қандай да бір мәлімет бермеді. Ғимараттың төбесмі неліктен опырылып құлаған? Өңірдегі тілшіміз анықтауға тырысты.