14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Түрмеден төрт күн бұрын шыққан адам көлік ұрлап, қолға түсті

Алматыда төрт күн бұрын түрмеден шыққан ер адам көлік ұрлап, тағы да қолға түсті. Өзгенің темір тұлпарын иемденген ол басқа машинаның мемлекеттік нөмірін қолды қылып, ізін суытпақ болған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«До дома доехать да все. Вы пьяный были? Да, пьяный был. Как вскрыли машину? Вскрыл сразу отверткой».

Жамбыл облысының тумасы бұрын осындай әрекеттері үшін бірнеше рет сотталған болып шықты. Жауап алу барысында ол машинаны Жамбыл облысына қосалқы бөлшектер ретінде сату үшін ұрлағанын мойындады. Ал көлікті бұрағышпен жүргізіпті. Оның Алматы қаласында тағы да осындай екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Жәбірленушілер қырағылық танытқан тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігіне ризашылықтарын білдірді.

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТІҢ ИЕСІ: «Кеше түнде машинам угон болған. Үйден түнгі бірдің шамасында көргем машинамның жоқ екенін. Сол кезде сразу 102-ге хабарлап, Алатауский районның қызметкерлері келді. Таңертеңгісін міне осындай жерден тауып алды машинамды».

«Таңға жуық тұрсам машинамның нөмірі жоқ. Мына Ташкентскийдың бойында бұрышқа қойып қойғам. Сөйтсем таңертең полиция қызметкері маған звондады. Қарасам көк машинаға менің нөмірімді салып қойған екен»

X