18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Тәртіп бұзған азаматтар сот шешімімен қаланы тазалау жұмыстарын атқаруда

Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық үшін істі болған 400 азамат соттың шешімімен қоғамдық жұмыстарға тартылып, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосқан. Бұл жөнінде қалалық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері мәлімдеді. Өмірде шалыс қадам жасаған азаматтар көшені көгалдандыру, ауланы тазалау сынды жұмыстарды істеп жүр. Күнделікті сот шешіміне байланысты 4 сағаттан 8 сағатқа дейін еңбек етеді екен. Бүгінде бас қалада пробациялық бақылауда тұрған 2400-ден астам тұрғын бар. Мұндай жазаға кесілген азаматтар тегін еңбек етеді.

X