Қостанайда келіншекке интимді ұсыныс жасап, оған қол жүгіртпек болған ер адамның ісі қоғамды дүр сілкінтті. Өз дегеніне қол жеткізбеген жігіт нәзік жанды ұрып, басына зақым келтірген. Оқыс жайт 10 мамырда болыпты. Жеңіс күнін тойламақ болған бір топ еркек коттедж жалдап, қонаққа таныс қыздарын шақырған. Түнгі 3-те көңілді отырысқа қосылған үш бұрымдының бірін төсекке тартпақ болған жігіт келіншек дегеніне көнбеген соң, оны ұрып-соққан.
Төсекке жатудан бас тартқаны үшін соққыға жыққан
Дата: 11.05.2020