Тағы бір банк банкрот болды
12 февраля 2021
Елде екінші деңгейлі тағы бір банк лицензиясынан айырылды. Енді салымшыларын бір жылдан бері сабылтып, құрғақ уәдесімен әбден тойдырып біткен «Азия Кредит Банкі» де банкрот деп танылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, білдей бір қаржы ұйымы бірқатар міндеттерді орындамай келген. Сонда миллиондарын банкке сеніп тапсырғандар қайтеді? Ал экономистер неден қауіптеніп отыр?