Тағы бір орталық коронавируспен ауырған соңғы науқасын емдеп шығарды

Тағы бір жеңіс! Елде Ковид жұқтырғандарға арналған тағы бір провизорлық орталық жабылды. Бүгін ақ халаттылар соңғы пациентті қошеметпен үйіне шығарып салды. Осыдан бір ай бұрын ғана, науқастары палаталарға сыймай, амалдың жоқтығынан дәліздерде жатқан стационарлардың іші де 60 пайызға дейін босаған.

X