20:55 Тікелей эфир Многосерийный фильм «ЮРОЧКА»
0:30 Эфирде әрі қарай Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»

Тағы бір шенді «Айды аспанға шығарды»

Еліміздегі білім ошақтары 100 пайыз қауіпсіз. Бәрінде де бейнекамералар бар. Барлығы да істеп тұр. Ішкі істер министрі күні кеше осылай деп депутаттарды сендірді. Министрдің бұл мәлімдемесі көптің көңіліне бірден күмән ұялатты. Осы жағынан алғанда, Тұрғымбаев артынша іле-шала өтірігі ашылатын алдыңғы шенділердің кебін киіп жүрмесе игі. Мәселен, еліміздің 99 пайызы интернетпен қамтылғанын Үкімет басшысының өзі алаулатып-жалаулатып жеткізген. Бірақ пандемия кезінде тау-тасты кезіп, интернет іздеп жүрген оқушылар, ұстаздар, студенттер қауымы бұл статистикасын қағаз жүзінде екенін оп-оңай дәлелдей салды. Шынтуайтына келгенде, әкім-қарарлардың аузынан шыққан сөздер қаншалықты шындыққа жанасады өзі? Бұл сауалдарға Айғаным Достанбай жауап іздеп көрді.

X