3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Тағы да жалған вакцина паспортын жасаушылар ұсталды

Тағы да ұсталды. Елде екпенің жалған паспортын әзірлеген ақ халаттылардың әрекеті әшкере болды. Бұл жолы да Гиппократқа берген антынан Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері аттаған екен. Алайда бірі қара басының қамын ойлап, тиын үшін жалған құжат дайындаумен әлек болғанда, өзгесі ауруханаға минут сайын түсіп жатқан пациенттерді емдеп, қиналып жүр. Дәл осы шаһарларда эпидемиологиялық ахуал күннен-күнге нашарлап барады. Осы орайда Мемлекет басшысы қоғамдағы бұл құбылысты «өте қауіпті» деп бағалап отыр. Тақырыпты әріптесім тарқатсын.

X