14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Табысың мен мал-мүлкің жайлы ақпаратты жарияла!

Жеке табыс пен мал-мүлкіңіз жайында ашық жариялап, декларация тапсыруға бір жыл қалды. Уақытында есеп бермегендер жауапкершілікке тартылады деген жаңалықтың талқыланып жатқанына біраз болды. Құжат толтыру кезінде, тіпті, тойдан түскен не тойға жұмсаған қаражатты көрсету керек деген де алып-қашпа әңгіме бар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Бұл дүние бізге қайдан келді, не үшін керек десеңіз айтайын. Біздің атқарушы орган өкілдері ойланып, толғанып, ақыры әдетке айналған тәсілмен өзге елдерге қарап АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, тіпті Чилидің осы жүйесін зерттеген екен. Енді озық үлгілерді зерделеген мырзалар қазақстандықтарға жаңа ұсыныс тастады».

«Табысың мен мал-мүлкің жайлы ақпаратты жарияла! Ашық айт та, абыройлы бол!»  деген науқанның ауылы алыс емес.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ-ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
«Декларациялауды кезең-кезеңімен өткізуді қарастырып жатырмыз».

Ел тұрғындары әрбір өзгерістен бір жақсылық күтеді. Бұл жолы декларациялаудың арқасында кей шенеуніктер қалай байығаны әшкере болар дейді.

«Мұның жақсы жағын да, жаман жағын да қарастырып көрген дұрыс болатын шығар».

«Қоғамның реформасы барлығы осыдан басталады. Әйтпесе, қоғамның көптеген салалары бар бесконтрольно»!

«Шынымды айтсам көп естімеппін»

Білместікте ұят жоқ. Қаржы министрлігі өкілдерінің бөліскен ақпараттарына сүйенсек, декларациялауға негізінен мына дүниелер жатады:

-Жылжымайтын мүліктер: Пәтер, үй, жер учаскесі, ғимарат, үй құрылысындағы үлесіңіз болса көрсетесіз. Мұның шетелдегі мүлікке де қатысы бар.
-Көлік, мотоцикл, қайық, тікұшақ, ұшақ және басқа да жылжымалы мүлкіңіз болса, оны да декларациялау керек.
-Депозитте, банк шотында, картада және қолда бар қаражаттарыңыз жайында да жасырып қалуға болмайды. Үйде тек 5880 АЕК көлемінде, яғни 2019 жылғы есеппен 14 млн 847 мың теңге көлемінде ақша ұстауға болады. Одан артық соманы декларациялап, депозитке салуға міндеттісіз.
-Құнды қағаздарыңыз болса тіркеуді ұмытпаңыз.
-Біреуден қарыз алып немесе берген кезде де көрсету керек.

Мәжіліс депутаттары декларациялауды енгізбес бұрын жауапты органдар дайын ба, осыны пысықтап алу алу керектігін айтады.

БАХТИЯР МӘКЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
«Адамның былай айтқандағы жанындағы мүлігі болсын, жинаған дүниесін көрсету ғой. Өз өзін тазаландыру. Тығып алмай, бір жерге апарып қоспай, шетелдегі бірнеше банкке ақшасын барып құймай».

Парламентке заң жобасын қорғауға келген министрлер де бұл бастаманы қолдап отыр.

«Қаржы министрі сол бойынша айтады. Мен тапсырамын. Мемлекеттік қызметкерлердің табысы? Мен тапсырамын. Сіз жасырмайсыз ештеңе? Иә! Ашық бәрін айтамын. Рахмет!».

Жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарда бар екен. Яғни, 2020 жыл бастала салысымен қазақстандықтардың барлығы бірдей есеп беруге кірісіп кету міндет емес көрінеді.

ТАЛҒАТ МАМАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«Біріншіден саяси мемлекеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары. «Корпус А»-да тұрған мелекеттік қызметкерлер. ҚР судьялары, Парламент депутаттары және квази мемлекеттік мекемелердің басшылары. Олар ендігі жылдан бастап міндетті түрде өздерінің декларацияларын жария етуге міндетті болады».

Жеке табыс пен мүлікті жариялау тәртібінде «прочее» яғни «тағы басқа» деген бөлім көп талқыға түсті. Бірі бар техникаңды көрсету керек десе, екіншілері той-томалақтан түскен ақшаны да жазу міндет екен деп жүр. Бұл ақпараттың өтірік екенін ресми органдардар растады.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ-ҚАРЖЫ МИНИСТРІ
«Мысалы сізде бағалы бір мүлік болса, сіз соны жариялаймын десеңіз және оны дәлелдей алатын болсаңыз онда оны декларациялауға сіздің құқығыңыз бар. Бірақ, ол міндетті емес».

Айлығы шайлығынан астпайтын азаматтар үшін декларацияның келіп-кетері жоқ. Адвокат Жандос Тұяқов осыған дейін амалын тауып, барын жасырып келгендер бұл кезде де қарап қалмайды деп отыр.

ЖАНДОС ТҰЯҚОВ, АДВОКАТ
«Бұл көп жағдайда бұл заң мына көлеңке бизнеспен мысалға, коррупция саласындағы азаматтарға қолайсыз болуы тиіс. Қандай да бір заң шықса, оны айналып өтетін жолдар әрқашан болады. Сол себептен бұнда нақты қазіргі таңда осы заңнан кейін бүкіл заңсыз байыған шенеуніктер әшкереленеді дегенге өзім күмәнданамын».

Табыс пен мүлікті жариялауды Қаржы министрлігі кезең-кезеңімен енгіземіз деп жоспарлауда. 2020-дан әрі қарай 5 жылдың ішінде декларациялауды жалпы халықтық сипатқа жеткізбек. Қыруар қаржы бөліп қолға алынған бастама орта жолдан өзгеріп, мың құбылып сала бермесе болғаны.

X