20:00 Тікелей эфир «АНАЛИТИКА»
20:45 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «РЕЦЕПТ ЛЮБВИ»

Талдықорғанда газ баллоны жарылды, зардап шеккендер арасында балалар бар

Талдықорғанда газ баллоны жарылып, жер үйдің күл-талқаны шықты. Апаттан 8 адам зардап шеккен. Арасында 8, 10 және 14 жастағы үш бала бар. Оқиға кеше кешкілік сағат сегіздер шамасында шаһар маңындағы Еркін ауылында болған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жарылыстың қатты болғаны соншалық, үйдің қабырғалары құлап, шатыры ішіне опырылып түскен. Оған қоса, өрт шығып, баспана қызыл жалынған оранған екен. Сол сәтте көшеде кетіп бара жатқан Азамат Ниязов дүмпуді ести сала, дереу оқиға орнына қарай беттедім, — дейді. Үлкендердің алды өз күштерімен далаға шығып алған екен. Ал, 2 бала іште қызыл жалынның құрсауында қалып қойғанын айтады.

АЗАМАТ НИЯЗОВ, ҚР ӘСКЕРИ ӘУЕ КҮШТЕРІНЕ ҚАРАСТЫ 21751 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
«Хлопок естідім, кірдім. Көршім далада жүгіріп жүр екен. Көмектес деп. Сосын кірдім, жанып жатқан жерден 11 жаста ма, сондай бала, отыр екен сол жерде. Соны шығардым. И бір кішкентай қызды шығардым. Біреуі топканың ішінде болған. Біреуі диванның үстінде отырып қалған бала».

Екі баланы сыртқа шығарғаннан кейін, көршілер жабылып жүріп, тағы бір адамды үйіндінің астынан аршып алған. Зардап шеккен 8 жан жедел жәрдеммен қаладағы ауруханаларға жеткізілді. Қазір дәрігерлер аса ауыр халде түскен науқарстардың өмірі үшін күресіп жатыр.

АРМАН СЕРІКҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Сегіз науқастың жадайы қиын. Алтауы реанимацияда жатыр. Екі науқас профильное отделениеге ауыстырылды. 4 консилиум өткізілді. Санавиация арқылы бір дәрігер-комбустиолог келді. Қазір ол ем жалғасытырып жатыр».

Жалпы, өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің 28 маманы мен 8 техникасы жұмылдырылған. Қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтаған құтқарушылар енді, қазір оқиға салдарын жою жұмыстарымен айналысуда. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа пеш жанында тұрған 5 литрлық газ баллоны себеп болған екен. Осы ретте, төтенше жағдайға байланысты арнайы штаб та құрылды. Ал, қарапайым халық қыс кезінде баспанасыз қалған отбасына қолдан келгенше жылу жинап жатыр.

X