ТАРАЗДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ОҚ АТЫЛЫП, ҮШЕУІ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

Таразда түн ішінде мектеп оқушыларына белгісіз біреулер оқ атып, 3 жасөспірім ауруханаға түсті. Олардың басы, мойны мен аяқтарына бытыра тиген. Зардап шегушілердің екеуі 16 жаста болса, үшіншісі 17-ге толған. Барлығы ауруханада ем-дом қабылдап жатыр. Полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен 19 жастағы ер адамды ұстаған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

X