9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Таразда үйден шыққан өрт үш адамның өмірін жалмады

Таразда жеке тұрғын үйде шыққан өрттен бүтіндей бір отбасы мерт болды. Қызыл жалын түнгі үш жарымдар шамасында басталған. 84 жастағы кейуана мен оның баласы түтіннен уланып, көз жұмған. Жанында орналасқан ас үйде тұратын немересі құтқаршылар келгенше туыстарын далаға алып шығамын деп өзі де уланып қалған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

КӨРШІСІ: » Отқа оранған үйді көрген Миша әжесі мен ағасын құтқару үшін жалынды өз бетімен өшіре бастады. Сосын ол терезе арқылы ішке кіріп, ол жақтан қайта шықпады. Ысқа тұншығып қалған дейді. Шатыр басып қалды ма. Бірақ мен нақты неден мерт болғанын білмеймін. Жақсы жігіт еді».

Оқиға орнына келген мамандар қызыл жалынды бір жарым сағаттың ішінде өшіріпті. Тілсіз жау 80 шаршы метр аумақты жалмаған.

ТАЛҒАТ СӘБИРОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Өрттің болжамының себебі бізде мынау электр сымының тұйықталуынан мүмкін деп ойлап отырмыз».

X