Тараздағы жарылыстан зардап шеккендер саны 90-нан асты
27 августа 2021
Тараз маңындағы жарылыстан тоқсаннан астам адам зардап шекті. Оның 49-ы – төтенше жағдай қызметкерлері. Бұл тиісті министрліктің берген мәліметі. Ал қазір оқыс оқиға орнында Нұрлан Ермекбаев бастаған жедел топ жұмыс істеп жатыр. Жарылыс кезінде сол маңда болған жақындарынан хабар ала алмаған жұрт қаладағы аурухананың алдын торуылдады. Зар еңіреген аналар баласының медициналық мекемеге тірі келгеніне қуанды. Соңғы мәлімет бойынша, діл қазір алты адам әл үстінде жатыр.