Тарихтан сыр шертетін көрме
11 ноября 2021
Елордада ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Бөкей Ордасы — ел мұрасы» атты көрме ашылды. 220 жыл бұрын іргесі қаланған Бөкей Ордасының тарихын кең көлемде насихаттайтын құнды жәдігерлер көрмеге келушілердің қызығушылығын арттырып, тарихи мекеннің екі ғасырдан астам шежіресімен жете таныстырады. «Бөкей хан», «Жәңгір хан», «Бөкей Ордасындағы реформалар», «Исатай-Махамбет», «Бөкей Ордасының атақты тұлғалары» және тағы да басқа бірқатар тақырыптар бойынша көне жәдігерлермен танысқыларыңыз келсе, тілшіміздің мына сюжетіне көңіл аудара отырыңыздар.