«ТАЙНА МАРИИ»
Сенбі
10:20
Жексенбі
11:30
1990 жылдар. Қарапайым Мария есімді ауыл қызы ісін жаңадан бастаған кәсіпкер Алексейге тұрмысқа шығады. Сүйіспеншілік пен келісімге толы өмір сүрем деп отырған жастар сынаққа тап болады, Алексей жергілікті мафиямен келіспей, сотталып кетеді. Алексей Марияны «сотталғанның әйелі» деген аттан құтқару үшін оны өзінен алыстату мақсатында хаттарға жауап бермейді, кездесуден бас тартады. Өмірін жаңадан бастамаққа Мария Мәскеуге аттанады. Тағдыр оны Михаилмен жолықтырады. Екеуара сезім пайда болады. Қызы дүниеге келгеннен кейін Михаилдің үйленгені және әйелі жақында босанатыны белгілі болады. Марияны тағы бір соққы күтіп тұрады: түсініксіз жағдайда оның жаңа туған қызын ұрлап кетеді. Мария туған қаласына кетіп, онда қайтадан түрмеден шыққан Алексейді жолықтырады. Олар өткеннің жараларын емдеп, бұрынғы өмірлеріне қайта оралады. Араға жылдар салып, Мария өткеннің құпиясын біліп, қызын іздеп-табуға мүмкіндік алады...
Шығарылған жылы: 2019
Шығарушы ел: Украина
Режиссер: Николай Михайлов (III)