ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТАРИХ
21 мая 2025
Ақтөбеде тағы бір экологиялық акция өтті. Бұған дейінгі шаралардан ерекшелігі ұйымдастырушылар бұл жолы туған өлкеге деген құрметін, қоршаған ортаға жанашырлығын тарихи ескерткіштерді тазалау арқылы көрсетті. Олардың техникасының өзі заманауи, әрі экологияға зияны тимейтіндей етіп, химиялық қоспаларсыз жуып шығыпты.







