3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Тазалық үшін тәуекелге барғандар

Қорқыныштың кесірінен қоқыс ортасында қалдық! Алматыдағы лаңкестер салған ылаңнан соң шаһардың орталығын адам көргісіз күйге түскені естеріңізде болар. Түрлі қалдық пен көлік қаңқалары, шашылған әйнек пен бүлінген аялдамалар құдды соғыстан кейінгі көріністей болған еді. Бүлік кезінде қоғамның тыныштығына жауапты әскерилермен бірге тазалыққа міндеттелген жұмысшылар да жанын шүберекке түйіп көшеде жүріпті. Көліктің жолын жапқан қоқысты тазартып, мегополистің көркін қалыпқа келтіруге асыққан жандар атылған оқ пен қандықол қылмыскерлерденде қаймықпапты. Ұлан Тәліпбай тазалық үшін өмірін тәуекелге тіккендермен тілдесіп қайтты.

X