«Теңіз» кен орындағы жұмысшылардың әрекеті әшкере болды. Олар «коронавирусқа шалдықпаған» деген ПТР анықтаманы қолдан жасапты. Бұл туралы компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Ырзабек Артығалиев мәлімдеді. Қолдан жасалған құжаттың көмегіне жүгіндердің дені- мердігер ұйымның қызметкерлері екен. Олар санитарлық бекеттен жалған тест анықтамасымен өтпекші болыпты. Қулыққа барған жұмысшылардың әрекеті туралы компания дереу тиісті мекемелерге хабарлаған. Әрі қарай тексеріс жүреді дейді компания өкілі. «Теңіз» кенорындағы жағдайға келсек, аумақта карантин шаралары күшейтілген. Ауысымдық жұмысқа келгендер мен қайтатындардан ПТР сынама алынады. Бұған дейін Атырау облысында коронавирус індетін жұқтырғандардың 80 пайызы осы кен орнында тіркелгендігі айтылған еді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Мұнайшылар ПТР сынамасын қолдан жасап, әлекке түсіп жатқанда, әлемнің алпауыт компанияары вакциналарын сыннан өткізіп, жарысып жатыр. Бірақ, бәрі сәтті өтті деп айтуға келмейді. АҚШ-та COVID-ке қарсы екпе алған алты ерікті көз жұмды. Вакцина — америка мен неміс компанияларының өнімі екен. Марқұмның екеуінің жасы 55-тен асқан. Біреуінің жүрегі тоқтап қалса, екіншісі атеросклероздан бақилық болыпты. Тағы бір ерікті инфаркт, енді бірі инсульт алған.