ТЕГІН ДӘРІГЕ ЖЕТУ – ТАУҚЫМЕТ
22 апреля 2024
Тегін дәріге жету – тауқымет! Бүгінде арнайы диагноздарға тағайындалатын препараттар төңірегінде шу басылмай тұр. «Жыл сайын Министрліктен миллиардтаған қаражат бөлінеді, бірақ қызығын біз көрмейміз» , — деп қынжылады қараша. Жақында тіпті Түркістан облысында 2 жасар бүлдіршін ауруханадан дертіне шипа таппай жан тапсырған. Анасы медициналық мекемеде емге қажетті дәрілердің болмағанын айтып, зар қақсап қалды. Ал сенген серкеміз «СҚ-Фармацияның» былтыр 190 түрлі дәріні мүлде сатып алмағаны белгілі болды.