«ТЕХОСМОТРДЫҢ» ТӘРТІБІ ӨЗГЕРМЕК
3 сентября 2025
Көлікті техникалық байқау ережелері өзгеруі мүмкін. Өйткені ол жүйе қауіпсіздіктің кепілі емес, бір жпаырақ қағаздың бағасына айналып кеткені қашан. Шынымен де, 5-6 мың теңгесін төлесең, техосмотр өтті деген қағазды қалаған жеріңе әкеп береді. Тіпті телефонға жібере салатын болған, темір тұлпарды көтеріп тұрып, асты-үстін қарамайды қазір. Каникулдан кейін жұмысына кіріскен мәжіліс депутаттары бүгін осындай біраз мәселені көтерді.







