0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Теміржолшыларға тарту

ХХ-ғасыр басындағы паровоздар қайтадан шойын жолға шықты. Тарихи жәдігерге айналған теміржол көліктерін көргіңіз келсе, Арысқа барыңыз! «Түрксіб» теміржолының құрылысы мен осы салаға атсалысқан арыстықтарға ерекше ескерткіштер қойылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Арыс қаласының 65 жылдық мерейтойына орай қалада екі ескі паравоз монумент ретінде орнатылды. Тарихи жәдігерлердің біреуі «Дендросаябақта» , екіншісі жуырда күрделі жөндеуден өткен «Теміржолшылар саябағына» қойылды. Жүздеген тоннадан тұратын 1946 жылғы локомотивтерді біздің тілшіміз де тамашалап, теміржолшылар отбасы көп тұратын Арыс қаласына барып-қайтты.

X