0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Терезеден секірген келіншек туралы жаңа дерек. Күйеуінің екінші әйелі болған

Тоғызыншы қабаттан үш бүлдіршінін лақтырып, кейін өзі де секіріп опат болған келіншектің күйеуінің азаматтық некеде екінші әйелі болған. Бұл туралы марқұмның туған әпкесі айтты. Жақындарының сөзінше, екінші әйелі жоғары оқу орындарының бірінде жұмыс істейді әрі табысты болған көрінеді. Бақилық болған әйел күйеуінің телефонын ақтарып отырған кезінде тоқалымен бірге түскен суреттерін көріп қойған. Тіпті, қайын жұрты бауырларының екінші әйелін барын біле тұра, мұны Бақтыгүлден жасырған деседі. Сондай-ақ, оның құмар ойынға жақын екені айтылады. Нақтырақ айтқанда, туған әпкесі сіңлісінің үйіне қонаққа барғанда карта, сол секілді түрлі фишкаларды көргенін айтады. Осы жағдайлардан әбден қажыған Бақтыгүл шарасыздығын айтып, хат жазып қалдырып кеткен. Қара жамылған отбасы мүшесі тағы нендей сырлар бөлісті? Мұны тілшіміздің келесі сюжетінен біле алатын боласыздар.

X