Тезек терген сексеуілдіктер қатты отынға зар
24 ноября 2021
Астанаға газ тартып, тұтас Сарыарқаны көгілдір отынмен қамтығалы отырған Қызылорда облысы тұрғындарының өзі тезек теріп жүр. 90-шы жылдардың күйін кешкен Арал ауданы халқының отын алатын ақшасы жоқ емес, бар. Тек көмір тапшы. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін арба сүйреп, арнайы орындардан көмір қалдығын теріп жүр. Ал дым таппағандары малдың кепкен жапасын отқа жағып, қатты отынды бір-бірінен қарызға алатын көрінеді. Жылу іздеп, жаны қиналған жандардың жайынан тілшіміздің келесі материалынан қаныға аласыздар.