18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Толғақпен кетіп, табытпен оралды

Анасы қансырап, жатырдағы бала тұншығып қалған. Өскеменде бірден екі жақынын жерлеген ағайын әділдік іздеп шырылдап жүр. Перзентханаға толғақпен барып, табытта қайтқан келіншектің туыстары болған жайтқа ақ халаттыларды кінәлап отыр. «Қағазбастылыққа салынбай, бірден ота жасауға кіріскенде, анасын да, ұлын да аман сақтап қалуға болатын еді», — дейді қаралы қауым. Ақ халаттылар, шынымен де антынан тайды ма? Қаралы тақырыпты Нұрай Құрақпай қаузайды.

X