ЦОЙ: ІНДЕТ ЖҰҚТЫРУДЫҢ ШАРЫҚТАУ ШЕГІ МАМЫРДА БОЛАДЫ

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты болжамын өзгертті. Мамыр айының ортасына қарай 4000-ға жуық отандасымыз Ковид жұқтыруы мүмкін. Ал вакциналау науқаны кестеге сай жалғасқан жағдайда бұл көрсеткіш 3 мыңның шамасында болады. Үкімет отырысында есеп берген Алексей Цой вакцинациялау қарқыны бәсең өңірлердің атын атап, түсін түстеді. Алда індетпен күреске еліміз қосымша тағы 265 млрд теңге қарастырмақ екен. Бұл сома қайда жұмсалады?

X