Туған бауырымның екі баласын бейімдеу орталығы тартып алды
17 февраля 2021
Тартысқа толы тағдыр! Түркістан облысында ата жұртқа қоныс аударып келген азамат бауырының балаларын қайтара алмай жүр. 42 жастағы Құрманғазы Жамалбекке сенімхатпен табыстап кеткен інісінің қос перзентін Сарыағаш аудандық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясы балаларды бейімдеу орталығына өткізіп жіберген. Соның салдарынан екі жасөспірім үш айдан бері орталықта тұруға мәжбүр. Тарихи отанына сағынышпен оралған отбасы осы күні балаларды қайтарып алмаққа бел буғанымен, түрлі әкімшілік кедергілерге тап болып жатқанын айтады.