Аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы оның адвокаты Сейіт Рахманов мәлімдеді. 10 жылының бар-жоғы 1 жыл 7 айын ғанатүрмеде өткізген оның жазасы жеңілдетіліп, мерзімінен бұрын жіберілген. Ал, шешімді қабылдаған Шымкенттегі Абай аудандық соты болса, Бишімбаев түзеу мекемесінен шығу үшін 25 қыркүйекте өтініш бергенін айтады. Ұзақ жылға сотталып, бірер жылда босап шыққан өзге де шенділер кімдер?
Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты
Дата: 11.10.2019