3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП, КІТАП ҰТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

Кітапсүйер қауым үшін жағымды жаңалық. Бүгін Талдықорғанда «Жетісу – оқырмандар мекені» вендинг аппараттары іске қосылды. Онда кез келген викториналық сұрақтарға жауап беріп, қалаған кітабыңды тегін ұтып алуға болады. Осылайша, Алматы облысы әкімдігі оқырмандар мәртебесін қалыптастыруды көздеп отыр. Мұндай игі бастаманың әзірге ТМД елдерінде баламасы жоқ екен. Сондықтан, облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі жобаны одан әрі дамытпақ ниетте.

X