Вирустың белгілері жоқ немесе инфекция жеңіл формада өтіп жатқан науқастарға дәрілермен емделуге болмайды. Бас қаладағы орталық аурухананың дәрігерлері солай дейді. Вирусқа қарсы препараттарды дене қызуы көтеріліп, өздерін әлсіз сезінгендерге ғана қабылдауға рұқсат екен. Оның өзінде, әуелі міндетті түрде барып қаралу керек. Өйткені антибиотиктер бәріне бірдей жаға бермейді. Ал симптомсыз түрде ауырып жатқандарға мамандар мынадай кеңес берді.
Вирус белгілері жоқ науқастарды дәрімен емдеуге болмайды
Дата: 08.07.2020