Вирус тарайды: тұрғындар стадион орнына емхана салынуына қарсы
22 апреля 2021
Шымкентте тұрғындар мен шенеуніктер стадион үшін жаға жыртысуға дейін барды. Оған себеп, Қызылжар шағын ауданында орналасқан спорттық алаң орнына емхана салу жоспарланыпты. Ал, жергілікті халық болса, 60 жылдық тарихы бар стадионды жекенің қолына бере салуға көсе көлденең қарсы. Бұл жерге емхана түсетін болса, жақын маңда орналасқан үйдің тұрғындарына вирус тарайма деп қорқатындарын жасырмайды. Қос тараптың стадион үшін текетіресі туралы тілші тарқатады.