Екінші толқынның салқыны ма? Елде тек өткен тәуліктің өзінде вирусты бірден 442 отандасымыз жұқтырыпты. Бұл соңғы екі айда болмаған антирекорд. Жайсыз статистиканың көшін Шығыс Қазақстан облысы бастап тұр. Науқастардың тең жартысы осы өңірден тіркелді. Енді аталған аймақта бірқатар санитарлық талап күшейіп, қолында сынамасы жоқ адамдарға қаладан кіріп-шығу шектелді. Көрші облыстар да шекарасына посттар қойып, шектеу шараларын енгізіп жатыр.
Вирус жұқтырғандар күрт өсті
Дата: 02.11.2020