2:40 Тікелей эфир «KÖREMIZ» бағдарламасы
3:25 Эфирде әрі қарай «ЕҢ АЛҒЫШҚЫ» бағдарламасы

«ВОСПИТАНИЕ И ВЫГУЛ СОБАК И МУЖЧИН»
Жұма, 24 қаңтар 15:10

Соня – білікті ветеринар. «Еркектерді таныған сайын иттерді көбірек сүйем» деген қағиданы ұстанатын оның жеке өмірінде де бағы жанбай жүр. Соняны ветеринарлық клиникадан дау-дамаймен шығарып жібереді. Енді ол иттерді серуендеуге алып шығып, ақша тауып жүр. Сонымен қатар қаңғыбас жануарларға арналған үйге көмектеседі.

Артем – өзі сымбатты, өзі қалталы жігіт, спорт жұлдызы. Спорттық жарақаттан кейін қалпына келіп жатқан ол нормативтерді тапсырғысы келеді. Алайда онысынан ештеңе шығар емес. Мұнысына қалыңдығы Юля қуанышты.

Тұрмысқа шығуды қалаған ол жігітінің тезірек үйленуін күтіп жүр. Артем біреуге қамқор болуды үйренсін деп қызға күшік сыйлайды. Бұған ренжіген Юля Артемді далаға қуып шығады. Ал далада Артем Сонямен танысады…

X