14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

«X-Factor» жобасына келген жігітті ресейліктер киноға түсуге шақырды

Еліміздегі ең танымал шоу «X-Фактор» жобасына қатысқан қостанайлық жігіттің жолы болды. Бағдарламада авторлық әнін орындаған оны шетелде киноға түсуге шақырды. Алайда оның туыстары мен достары әлі күнге ондай ұсыныстың түскеніне сене алар емес. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«X-Фактор», я буду победителем!».

«Х-Фактордың» 8 маусымына қатысуға келген Виталий Синолициннің жеңіске жетуді көздеген. Ол қазылар алқасының алдында бар өнерін ортаға салуды армандаған. Алайда Алматыға жетудің өзі оңайға соқпапты.

ВИТАЛИЙ СИНОЛИЦИН, «X-ФАКТОР» ЖОБАСЫНЫҢ 8-ШІ МАУСЫМЫНА ҚАТЫСУШЫ:
«Мен автокөлікпен келдім. Қарағандыға дейін келіп, автобусқа отырдым, одан бері жол-жөнекей көліктермен әзер жеттім. Жолда екі ай жүрдім, кейде жұмыс істеуге тура келді».

Виталийдің қиындықты еңсеруіне тағы бір себеп бар. Ол өзінің жүрегін жаулап алған Нағима Есқалиевамен танысып, өнеріне бұрыннан тәнті екенін айтып сезімін білдірмек болған. Бұл арманы да орындалды.

НАҒИМА:
«Ну если бы я была твоей второй женой. Ты представляешь? Ты всегда бы во главе стола сидел, рядом с народной артисткой. Парик ему не нужен. Вообще мне нравятся лысенькие».

Қазылар алқасын өнерімен тәнті ету үшін ол өзі шығарған туындысын орындаған.

«А жизнь такая штука повернулась спиной и теперь коротать одному не с тобой».))

Алайда өнерде оның жолы болмады. Әділ қазылардың үшеуінен де жоқ деген жауап алған. Нағима Есқалиевасыз әрі үлкен сахнаға деген жолдамадан қағылған азамат үйіне аттанған. Бірақ «X-Фактордыі» ақтық сынына шықпай-ақ танылып үлгерген азаматқа Ресейден киноға түсу туралы ұсыныс келіпті.

«Это что розыгрыш или как? Ух ты! Ни фига себе! Меня ошарашило!»))

Өзін кинаға түсуге шақырғаны жақындарына айтқанда олар да сене алмапты

ВИТАЛИЙ СИНОЛИЦИН, «X-ФАКТОР» ЖОБАСЫНЫҢ 8-ШІ МАУСЫМЫНА ҚАТЫСУШЫ:
«Барлығы таңданды. Мен сияқты қарапайым адамнан осындай жан шығады деп ешкім ойламады. Бірі сенбеді, екіншілері сенімсіздік танытты».

Қалай дегенде де таныстары түгілі жақындарының өзі де сене алмаған.

ВИОЛЕТТА, ВИТАЛИЙ СИНОЛИЦИННІҢ ҚЫЗЫ:
«Мен әлі де толық сеніп тұрған жоқпын. Әлі екі ойлымын деп айтуға болады».

Бастысы Виталийдің түсірілім алдында өзіне деген сенімі жоғары.

ВИТАЛИЙ СИНОЛИЦИН, «X-ФАКТОР» ЖОБАСЫНЫҢ 8-ШІ МАУСЫМЫНА ҚАТЫСУШЫ:
«Мен фильмде «Өмір осындай» деген әнімді орындайтын боламын. Менің одан бөлек тағы бірнеше туындым бар».

«Х-Фактор» жобасы Виталийға өзін жақсы қырынан көрсетуге мүмкіндік берді. Танымал шоуды ұтымды пайдаланған жігтіттің өнерін шетелде байқап, ұсыныс жасаған. Ән өнерінде жолы болмаған азаматтың кинода бағы ашылар деген үміт бар. Сахнада орындай алмаған әнін енді кино туынды арқылы ұсынатын болады.

X